Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қаріп өлшемі: 14 PX
Сайт түстері:
Ұлттық деректер банкі

Деректер және талдау басқармасы

Деректер және талдау басқармасы экологиялық ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды және жүйелеуді жүзеге асырады, Ұлттық деректер банкін жүргізу мен дамытуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметін ақпараттық сүйемелдеу үшін талдамалық материалдарды қалыптастырады. Басқарма экологиялық деректердің анықтығы мен сапасын қамтамасыз етеді, өз құзыреті шегінде экологиялық ақпаратқа қол жеткізуді ұйымдастырады және тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес қоршаған ортаға әсер ететін қызметті жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар Ұлттық деректер банкіне (ҰДБ) экологиялық есептілікті ұсынуға міндетті. ҰДБ пайдаланушылары I, II, III және IV санаттағы объектілерді пайдаланатын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер болып табылады.

Ақпараттық жүйенің құрылымы

Ұлттық деректер банкінің құрамдастары

1

Автоматтандырылған мониторинг жүйесі (АМЖ)

Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың ластаушы заттар шығарындыларын үздіксіз мониторингтеу деректерін автоматтандырылған түрде жинауға, беруге, сақтауға және көрсетуге арналған. Экологиялық талаптардың сақталуын қашықтан бақылауды қамтамасыз етеді.

2

Өндірістік экологиялық бақылау (ӨЭБ)

Модуль табиғат пайдаланушылар Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес ұсынатын өндірістік экологиялық бақылау жөніндегі есептілікті қабылдауға және сақтауға арналған.

3

Ластағыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі (ЛШТТ)

Атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарындыларының, су объектілеріне төгінділердің, қалдықтардың түзілуі мен берілуінің көлемдері, сондай-ақ ластағыштардың тасымалдануы туралы мәліметтерді қамтиды.

4

Мемлекеттік қалдықтар кадастры

Өндіріс және тұтыну қалдықтарының түзілуін, жинақталуын, берілуін, қайта өңделуін, залалсыздандырылуын, кәдеге жаратылуын және орналастырылуын есепке алуға арналған.

5

Мемлекеттік көміртегі кадастры

Қондырғыларды, әкімшілендіру субъектілерін, парниктік газдар шығарындыларына квоталарды, көміртегі бірліктерін және шығарындылар квоталарымен сауда жүйесі шеңберіндегі операцияларды есепке алуды қамтамасыз етеді.

6

Қоғамдық тыңдаулар модулі

Ашықтық және жұртшылықтың қатысуы қағидаттарын іске асыру мақсатында экологиялық маңызы бар жобаларды электрондық форматта қоғамдық талқылауды, материалдарды жариялауды және халықты хабардар етуді қамтамасыз етеді.

7

Мемлекеттік экологиялық ақпарат қоры

Мемлекеттік экологиялық ақпарат қоры жұртшылықтың экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығын іске асыруды қамтамасыз ету, экологиялық ағарту және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік органдарды ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

🌿 AI-ассистент