Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК кәсіпорындар, мемлекеттік органдар және экологиялық қоғамдастық өкілдерін 2026 жылғы шілде айында өтетін білім беру семинарларына қатысуға шақырады.
Бағдарламалар мамандардың біліктілігін арттыруға, экологиялық заңнаманы қолданудың практикалық дағдыларын жетілдіруге және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзекті өзгерістерді қарастыруға бағытталған.
Шілде айында ҚОО АТО келесі оқыту іс-шараларын өткізеді
-
2026 жылғы 15–17 шілде — онлайн-семинар (ZOOM)
«Экологиялық бақылау және басқару жүйесі. Экологиялық кодекс және оны құқықтық қолдану» -
2026 жылғы 22–24 шілде — офлайн-семинар (Астана қ.)
«Экологиялық бақылау және басқару жүйесі. Экологиялық кодекс және оны құқықтық қолдану» -
2026 жылғы 23–24 шілде — офлайн-семинар (Астана қ.)
«Стратегиялық экологиялық бағалау: негіздері мен практикасы»
Экологиялық бақылау жөніндегі семинар бағдарламасы
Экологиялық бақылау жөніндегі семинар бағдарламасы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексін практикада қолданудың негізгі мәселелерін, соның ішінде мемлекеттік экологиялық бақылауды, экологиялық рұқсаттарды, қоршаған ортаға әсерді бағалауды (ҚОӘБ), қоғамдық тыңдауларды, өндірістік экологиялық бақылауды (ӨЭБ), автоматтандырылған мониторинг жүйелерін (АМЖ), қалдықтарды басқаруды, сондай-ақ экологиялық заңнама талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік мәселелерін қамтиды. Заңнамадағы соңғы өзгерістерге және оларды практикада қолдануға ерекше назар аударылады.
«Стратегиялық экологиялық бағалау: негіздері мен практикасы» семинары мемлекеттік бағдарламаларды, стратегияларды және аумақтық даму құжаттарын әзірлеу кезінде СЭБ жүргізудің заманауи тәсілдеріне арналған. Қатысушылар СЭБ жүргізудің нормативтік-құқықтық негіздерін, құжаттаманы дайындау кезеңдерін, осы құралды қолданудың халықаралық және қазақстандық тәжірибесін, сондай-ақ құқық қолдану практикасында жиі кездесетін мәселелерді қарастырады.
Оқытуды Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, экологиялық заңнаманы әзірлеушілер, жетекші салалық және халықаралық сарапшылар жүргізеді. Оқу аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға ведомстволық үлгідегі сертификаттар беріледі.
Байланыс және тіркеу
Электрондық пошта: seminar.iac@iacoos.kz
Байланыс телефондары: +7 (7172) 24-88-92, +7 775 882 6145
Қосымша ақпарат алу және қатысуға тіркелу үшін электрондық пошта немесе телефон арқылы хабарласуға болады. Онлайн тіркеу нысаны да қолжетімді.
Тіркелу