Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы
Ұлттық баяндама
Қоршаған ортаның жай-күйі және ҚР табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндама ҚР Экология кодексінің 23-бабына және 2021 жылғы 5 тамыздағы № 297 Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. бұйрығымен бекітілген Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы әзірлеу, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы интерактивті баяндаманы әзірлеу және жүргізу қағидаларына сәйкес әзірленеді.
Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндама қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы талдамалық есеп болып табылады, ол жыл сайынғы негізде халыққа Қазақстан Республикасының аумағындағы нақты экологиялық жағдай және оны жақсарту жөнінде қабылданатын шаралар туралы ақпарат беру мақсатында жасалады.