Құрметті әріптестер!
Сіздерді Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының сайтында қарсы алуға қуаныштымын. Біздің қызметіміз негізделген басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қажетті сенімді, ашық және сапалы экологиялық ақпаратты қалыптастыруға бағытталған.
Орталық экологиялық ақпараттың мемлекеттік қорын және табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрларын жүргізіп, талдамалық сараптаманы, заманауи цифрлық шешімдер мен практикалық тәжірибені ұштастырады. Біздің жұмысымыздың негізінде жауапкершілік, деректердің дәлдігі және қоршаған ортаға жалпыұлттық құндылық ретінде құрметпен қарау қағидаттары жатыр.
Бірлескен күш-жігерімізбен қызметімізге деген сенімді нығайтып, оның тиімділігін арттырып, еліміздің табиғи мұрасын сақтауға нақты үлес қоса алатынымызға сенімдімін. Сенім білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамын және сындарлы әрі жемісті ынтымақтастыққа ашықпын.
Құрметпен,
Бас директор
Кожумов Асхат Султанбекович